Береке мөлтек ауданының тұрғындары шу шығарды. 17-ші, 18-ші үйдің тұрғындары мәселелерін әкімдікке жеткізуге бел буған. Сәйкесінше жауаптыларға таң азанмен көкейлерінде жүрген сауалдарын қарша боратты. Бірі үйдің жылуы нашар десе, бірі пәтер иелері кооперативтері мәселесін сынға алды. Мәселенің мәнісін толығырақ тілшіміз Нұржол Жақсылық тарқатсын.