Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні аталып өтіледі. Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты - өнімді еңбекке ынталандыру, жастар арасында сапалы жұмысты насихаттау. Осыған орай білім саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек еткен Злиха Қадырбайқызы жас мамандармен кездесіп, еңбек жолындағы тәжірбиесімен бөлісті.