Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында бес жастан бастап балалардың оқуына ақша жинауды ұсынды. Ол үшін "Келешек" атты арнайы бағдарламаны іске қосуды тапсырды. Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады. Бұл ақпарат таратылғаннан кейін, халықта 2037-ші жылдан бастап гранттар жойылады деген қате түсінік пайда болған. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы мәселе бойынша пікір білдірді.