Қоғамда есімі көпке таныс емес, бірақ атқаратын қызметі мен арқалаған жүгі нардай жұмысшылар болады. Кейде олардың еңбегі елеусіз қалып та жатады. Біз коммуналдық мекеме қызметкерлерін айтып отырмыз. Қала қалың ұйқыда жатқанда, ала таңмен таласа тұрып, қара кешке дейін бел жазбай қызмет етеді. Солардың бірі атыраулық Азамат Қалағанов. 20 жылдан бері көше тазалайды. Мұнайлы өңірдің көркеюіне айтарлықтай үлес қосып келеді.