Қазақ халқының ұлы күйші - композиторы, дүниежүзілік мәдениеттің аса биік тұлғасы - Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай ардагерлер арасында «Күй Дария» облыстық байқауы өтті. Күй атасының өнерін дәріптеп,есімін ұлықтауды мақсат еткен байқау Алғаш рет ұйымдастырылып отыр.Сайысқа қала мен аудандардан 16 адам қатысты.Қатысушылар 2 кезең бойынша сайысқа түсті.Әрбір қатысушыға 2 күйден орындау мүмкіндігі берілді.