Елімізде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аясында бақ қызметкерлеріне арналған баспасөз жиынынЫ өтті. Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда. Іріктеуге өтінімдерді қабылдау pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді . Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Іріктеу 6 кезең бойынша жүргізіліп, 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.