Балаларды қорғау күні Самға жүрегім қоғамдық қоры да балаларды назарсыз қалдырмады. Шараға барлығы 110 бала қатысты. Оның ішінде ерекше балалар, әлеуметтік жағдайлары төмен және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Кеште түрлі аниматорлар бүлдіршіндермен ойындар ойнап, көңілді ән мен биден шашу шашып, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов келіп ата-аналар мен балаларды арнайы құттықтады.