Төтенше жағдайлар департаменті Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тексерді. Бұл оқу жаттығу арнайы өрт сөндіру техникасының ауладан өту мүмкіндігін анықтау бойынша қаралды.Мақсат: көпқабатты тұрғын үйлерде өрт орын алған жағдайда, автосатымен көтерілу мүмкіндігін қарастыру. Сондай ақ тұрғындарға өрт сөндіру гидранттарын құдық бетіне автомокөлікті қойып кету жағдаларын түсіндірді.

Жаттығу барысында автосатысы бар көлік тұрғын үйлердің ауласынан кедергісіз өте алмады. Өйткені ретсіз қойылған көліктер мен жолдың тарлығы себеп. Ағымдағы жыл басынан бері өңірде 32 өрт оқиғасы тіркелген. Ал оның 70 пайызы көпқабатты тұрғын үйлерде орын алған . Оқыс оқиға кезінде жедел әркет ету, жапа шеккендер санын азайту үшін аталған кедергілер кесел келтіріп тұр. Сондықтан жұмысты қадағалау мақсатында мұндай жаттығу жұмыстары департамент тарапынан жиі өткізілмек.