Сондай-ақ, Махамбет ауданына қарасты Таңдай ауылының 90 жылдығы қарсаңында жаңа мешіт халық игілігіне берілді. Бұл Атырау облысында есігін айқара ашқан 40-шы мешіт. Жаңа мешіттің тұсаукесер лентасын облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен ауыл тұрғыны Қамбар Мұқанов қиды. Жаңа мешіттің имамы болып бұған дейін Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде қызмет атқарған Ержан Жақсығалиев тағайындалды. Атыраудағы беделді кәсіпкерлердің бірінің қолдауымен салынған Алланың үйіне бір мезгілде 150 адам құлшылық жасай алады. Сонымен қатар мешіттің жанында имамның қызметтік үйі, 60 орындық асхана мен таһаратханасы бар.