Жақсылық жасап жарысайық. Атыраулык көп балалы екі отбасы баспаналы болды. Мұнайлы шаһарға ат басын тіреген "Asarume" қайырымдылық қорының өкілдері тегін үй сертификаттарын табыстады. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен шараға тұрғындар көп жиналды. Жергілікті кәсіпкерлер де қайырымды істен тыс қалмады. Экология,Геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зульфия Сүлейменова да арнайы келді.