Атырауда айдың басында басталған өрт әлі де басылмай тұр. Бүгін тағы екі ошақ тіркелді. Қызыл жалын 284 гектардан астам аумақты шарпыған. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Шығу себебі әлі де белгісіз. Тілсіз жау адамдардың іс-әрекетінен тұтануы мүмкін деген болжам бар. Жауаптылар қызыл жалынды сөндіру үшін Шымкент облысынан арнайы алынған тікұшақ көмегіне жүгінуде. Алайда, оны тек шұғыл жағдайда ғана қолданбақ. Себебі, оның 1 сағаты 1 млн 400 000 теңгеге бағаланады.