Cіз сәуір айында жауған жауынның пайдасы зор екенін білесіз бе? Ғалымдар сулардың ішіндегі ең тазасы- сәуір жаңбыры дейді. Сәуір жаңбыры қиыншылықтарға кеңшілік, дерттерге дауа, ауруға шипа су. Оған жауыннан кейінгі ағаштардың бүр жарып, көк шығуы дәлел. Тіпті, сәуір жаңбырымен ұйытылған айран да ерекше дәмді болады екен.