Көрісу жыл сайын жергілікті халықтың сағына күтетін мерекелерінің бірі. Дастархан бауырсақ пен тәттілерге толатын көктем мерекесін әсіресе көпбалалы отбасы үшін ерекше қуаныш. Қыс бойғы тынымсыз тірліктен бір сәт бас көтергенауыл тұрғындары,  жан-жақтағы балалар үлкен үйге көрісе келіп, бір-бірін көріп, арқа-жарқа мәз болады. Сондай шаңырақтың бірі Махамбет ауданында тұрады.