Атырау қаласының 57 жастағы тұрғынын  түлкі  қауып алды. Оқиға 3 сәуір күнгі сағат 16-лар  шамасында,   Азаттық көшесіндегі 118 үйдің маңында болған. Тосыннан келген аң,   азаматтың  аяғын тістеген. Қазір жарақаттанған  тұрғынға  вакцина салынған жағдайы бірқалыпты. Осы оқиғаға байланысты мамандар атыраулықтарды  сақ болуға шақырады