АТЫРАУЛЫҚ МҰҒАЛІМ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМА ӘЗІРЛЕДІ
Жасанды интеллект білім беру саласына да қарқынды еніп келеді. Атырауда биология пәнінің мұғалімі осы технологияның көмегімен генетикалық есептерді талдауға арналған цифрлық платформа әзірледі. Құрал тұқым қуалайтын аурулардың ұрпаққа берілу ықтималдығын есептеуге мүмкіндік береді. Педагог платформаны екі жыл бойы әзірлеп, қазір жоғары сынып оқушыларымен сабақ барысында сынақтан өткізіп жүр. Әріптесім Лаура Кисметованың сюжетін көрейік.