«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ОБЛЫСТА 300-ДЕН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТТІ
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыста тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл басынан бері өңірде 300-ден астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, оған 108 мыңнан астам адам қатысқан. Нәтижесінде мыңдаған аула тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қалдықтарды сұрыптау жүйесін дамытуға басымдық беріліп отыр.