ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚҰШТАРЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ
«Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды. Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл,-деді мемлекет басшысы. Атырауда өзге ұлт студенттерінің қазақ тілін меңгеруге деген құлшынысы артып келеді. Солардың бірі- 4-ші курс студенті Нина Владимирова. Ол қазақ-орыс тілдерін жете меңгерген. Сондай-ақ биыл оқуға түскен Әзірбайжан азаматы да арнайы курсқа жазылып, қазақ тілінің қыр-сырын меңгеріп жүр. Оқу орнында тіл үйренемін деушілерге жағдай жасалған.