АТЫРАУЛЫҚ ЖАСТАР IT САРАПШЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгінде жасанды интеллект пен цифрландыру қарқынды дамып, жастар арасында жаңа технологияларға деген қызығушылық артып келеді. Атырауға арнайы іссапармен келген IT сарапшы Тимур Бектұр да жас буынның робототехника мен жасанды интеллектке қызығушылығымен танысты. Сарапшы оқушыларға тәлім беретін үйірмеге барып, жас өнертапқыштардың жобалары мен тың идеяларын тыңдады. Сонымен қатар жастармен кездесіп, жасанды интеллектіні тиімді әрі сауатты пайдалану жолдарын түсіндірді.