Негізгі Жаңалықтар «SAPAR VISION» КАМЕРАЛАРЫ 300-ГЕ ЖУЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫ ТІРКЕДІ

«SAPAR VISION» КАМЕРАЛАРЫ 300-ГЕ ЖУЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫ ТІРКЕДІ

Өңірде жол қозғалысын бақылайтын «Sapar Vision» жүйесінің жаңа функциялары іске қосылды. Енді кешен көлік жүргізу кезінде телефон немесе радиостанция пайдалануды, қауіпсіздік белдігін тақпауды және жаяу жүргіншіге жол бермеуді автоматты түрде анықтайды. Жаңа тетіктер 25 қыркүйектен бастап штаттық режимде жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде жүйе арқылы 300-ге жуық құқықбұзушылық тіркелген. Толығырақ сюжеттен көрейік. 


Бөлісу