30-ДАН АСТАМ МҰҒАЛІМ «SAQ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТЫЛУДА
Атыраулық мұғалімдер төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын меңгеріп жатыр. «SAQ» жобасы аясында ұйымдастырылған бес күндік оқуға өңірдегі 16 мектептен 31 педагог қатысуда. Олар алғашқы көмек көрсету, өрт кезінде қауіпсіз эвакуациялау және психологиялық қолдау тәсілдерін үйренуде. Педагогтер оқу барысында алған білімдерін кейін оқушыларға жеткізбек.