ЖАЙЫҚТА ГҮЛДЕГЕН ЛОТОС: СУ ЭКОЖҮЙЕСІНЕ ЗИЯНЫ БАР МА?
Атыраулық оқушы қыздар өсірген лотостар Тасқала маңындағы су айдынында биыл алғаш рет жаппай гүлдеді. Қазір гүлдер су бетінің бір бөлігін алып жатыр. Ерекше көрініс тұрғындардың назарын аударғанымен, әлеуметтік желіде бұл бастамаға қатысты түрлі пікір айтылуда. Лотостың көбеюі табиғатқа зиян ба? Бұл туралы мамандар не дейді? Лаура Кисметова айтып береді.