АТЫРАУДА 74 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Атырау қаласы мен Мақат ауданында 74 шақырымға жуық әуе электр желісі жаңғыртылды. Жоба аясында ескірген ағаш тіректер темірбетон бағаналарға ауыстырылып, ашық сымдардың орнына өздігінен көтергіш оқшауланған желілер тартылды. Жаңартылған нысандар баспасөз туры барысында таныстырылды. Толығырақ келесі бейнематериалда.