БҮГІН - ҚАЗАҚЫ ТАЗЫ КҮНІ
Бүгін Қазақстанда ұлттық ит тұқымдарына арналған жаңа мереке - Қазақ тазысы мен төбеті күні алғаш рет аталып өтіп жатыр. Бұл атаулы күн Үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен мерекелік күндер күнтізбесіне енгізілген. Мерекенің басты мақсаты қазақы ит тұқымдарын сақтау, қорғау және кеңінен насихаттау. Атырау өңірінде де ұлттық құндылықты ұлықтап, қазақы тазыны баптап, тұқымын сақтап жүрген жандар бар. Толығырақ сюжеттен көрейік.