KAZDRILLING 2026: МҰНАЙ-СЕРВИС САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыста мұнай-газ саласындағы өзекті мәселелер талқыланған KAZDRILLING 2026 конференциясы өтті. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылған басқосуға мұнай-сервис компанияларының өкілдері, сала мамандары мен сарапшылар қатысты. Конференция барысында геологиялық және сейсмикалық барлау, бұрғылау технологиялары, жаңа мұнай қорларын іздеу және саланың қазіргі даму жағдайы сөз болды.