КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Облыста күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл өңірден 700-ден астам азаматты әскери құрылымдарға жөнелту жоспарланған. Облыс әкімдігінде өткен жиында әскерге шақырылушыларды іріктеу, медициналық тексеру және әскери бөлімдерге жөнелту тәртібі пысықталды.