ФИЛАРМОНИЯ ҰЖЫМЫНА ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК АВТОБУС БЕРІЛДІ
Н. Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясына жаңа қызметтік автобус табысталды. Биыл 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан өнер ұжымына көлік демеушілердің қолдауымен сыйға берілді. Кілт табыстау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, филармония ұжымын мерейлі белесімен құттықтады.