БАЛАБАҚШАЛАРДА ТЕННИС ҮЙІРМЕЛЕРІ АШЫЛАДЫ
Өңірде мектеп жасына дейінгі балалар арасында теннисті дамытуға басымдық берілмек. Осы мақсатта қалада үш күндік Baby Tennis оқу курсы ұйымдастырылды. Оған 30-ға жуық балабақша тәрбиешілері мен дене шынықтыру нұсқаушылары қатысып, 4–5 жастағы бүлдіршіндерге теннистің бастапқы тәсілдерін үйрету әдістемесін меңгеруде. Алдағы уақытта бұл бағытты балабақшаларда тұрақты түрде дамытып, теннис үйірмелерін ашу жоспарланып отыр.