ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА 5 ТОННА ПЛАСТИК ЖИНАЛДЫ
Бес пластик бөтелке - бір дәптер, он бөтелке - бір балмұздақ. Атырауда пластик қалдықтарды жинауға арналған ерекше экологиялық акция ұйымдастырылды. Шараға 100-ге жуық бала мен жас қатысып, пластик бөтелкелерін арнайы орынға өткізіп, орнына дәптер немесе балмұздақ алды. Акция барысында 5 тоннаға жуық пластик бөтелке жиналды.