Негізгі Жаңалықтар ЭКОБЕЛСЕНДІЛЕР ДАУЫС БЕРДІ

ЭКОБЕЛСЕНДІЛЕР ДАУЫС БЕРДІ

ЭКОБЕЛСЕНДІЛЕР ДАУЫС БЕРДІ

Экобелсенділер дауыс берді


Атырауда №8 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр. Бүгін мұнда «JER ECO HUB» экологиялық бастамасының белсенді жастары да келіп, өз таңдауын жасады. Олар сайлау учаскесіне келмес бұрын қала аумағын тазарту акциясына қатысып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартқан.


«JER ECO HUB» жастары Тұрғындар қалашығындағы көпірден бастап қала әкімдігіне дейінгі аумақты тазалады. Экологиялық акцияға қатысушылар мұндай шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, қаланың тазалығына үлес қосып келеді. Бүгін де игі істі аяқтаған жастар бірден №8 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.


№8 сайлау учаскесінде 1088 азамат тіркелген. Таңнан бері тұрғындар келіп, өз таңдауларын жасауда. Комиссия төрағасының мәліметінше, учаске ашылғалы жүзден астам адам дауыс берген. Ал денсаулық жағдайына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтар үшін үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Қазірге дейін мұндай 10 өтініш түскен.


Жалпы, бүгін Атырау облысында 278 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Барлығы таңғы сағат 7:00-де ашылды. Тұрғындар кешкі сағат 20:00-ге дейін өз таңдауын жасай алады. Дауыс беру барысын байқаушылар қадағалап отыр.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар