ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ
Атырау қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізіледі. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың кезекті 41-сессиясында қаралды. Жиында депутаттар қала бюджеті, әлеуметтік-экономикалық даму, жайылымдарды басқару, инфрақұрылымдық жобалар мен жер ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы 8 мәселені талқылады.