ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ
Атырау облысында Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру басталды. Өңірдегі 278 сайлау учаскесінің барлығы белгіленген уақытта жұмысқа кірісті. Облыста дауыс беруге құқылы 428 мыңнан астам азамат бар. Оның 3 мың 244-і - ерекше қажеттілігі бар сайлаушылар.