ҰСТАЗДАР ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ
Құрманғазы ауданында ұстаздардың дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. «Құндылыққа негізделген білім және жасанды интеллект дәуірі – адами капиталды дамытудың стратегиялық негізі» тақырыбындағы жиында өткен оқу жылы қорытындыланып, жаңа оқу жылына арналған міндеттер айқындалды. Білім саласына үлес қосқан 50-ге жуық педагог түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.