STEAM-БІЛІМ: 100 ПЕДАГОГ АРНАЙЫ ОҚУДАН ӨТТІ
Атыраулық мұғалімдер 3D-принтер, робототехника және зертханалық жабдықтарды сабақта тиімді қолданудың жаңа тәсілдерін меңгерді. Қала мен аудандардан жиналған 100 педагог арнайы оқудан өтіп, өздерінің STEAM жобаларын әзірледі. Бүгін екінші лек қатысушылары өз жұмыстарын қорғап, оқу кезеңін қорытындылады. Аталмыш бастама «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясындағы қаржылық қолдауымен және «Gylym Dauiri» қоғамдық қорының қатысуымен жүзеге асуда.