РЕТРО-САЯБАҚ ҚАЙТА ЖӨНДЕЛЕДІ
Атыраудағы Ретро саябағын қайта жөндеу жоспарланып отыр. Демалыс орнындағы төсемтастар мен жарықтандыру тіректері жаңартылып, жасанды тоған жөнделмек. Жобаның жалпы құны 564 миллион теңгені құрайды. Қазір сметалық құжаттама әзірленіп, қалалық мәслихатқа бюджеттік өтінім жолданған.