ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ
Атырау жастар театры үшінші маусымының шымылдығын Шәкен Аймановтың әйгілі «Тақиялы періште» туындысымен ашты. Бірнеше буын көрерменіне таныс шығарма театр сахнасына бейімделіп, музыка, хореография және актерлердің жаңаша ойыны арқылы өзгеше сипат алды.