Құрманғазы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Қиғаш өзенінің жағалауындағы «Лотос алқабында» өткен тазалық жұмыстарына ауданның 16 ауылдық округінен 200-ге жуық тұрғын қатысты.Сенбілік барысында табиғи аумақ қоқыстан тазартылып, туристік нысанның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Мұратов қатысып, экологиялық бастаманың маңыздылығына тоқталды.