Мың жарымға жуық қатысушы, алты күнге созылған өнер додасы және 35 жеңімпаз. Атырауда жас таланттарды қолдауға бағытталған «Jas tolqyn-2026» байқауы мәресіне жетті. Үздік атанған өнерпаздар жыл соңында Мәскеуде өтетін «КҚК - Дарынды балаларға» халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.