Жаз мезгілі басталысымен құрылыс жұмыстары да қыза түседі. Алайда үй салуды немесе жөндеу жұмыстарын жоспарлаған тұрғындарды құрылыс материалдарының қымбаттауы алаңдатып отыр. Статистика департаментінің мәліметінше, облыста тұрғын үй құрылысына қажетті материалдардың бағасы бір жылда 6,8 пайызға өскен. Ал республика бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен 2,5 пайызды құрайды.