Жыл басынан бері елімізде мемлекеттік рәміздерді қорлау немесе оларды талапқа сай пайдаланбауға байланысты 13 құқықбұзушылық дерегі тіркелген. Бұл туралы өңірде өткен «Патриоттық форумда» мәлім болды. Іс-шараға 200-ден астам белсенді жас қатысып, сұрақтарына жауап алды.