Шаһарда қазақ журналистикасының ардагері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі, бірнеше кітаптың авторы Құмарғали Қабдешұлының 90 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға ақпарат және қоғамдық даму саласының өкілдері, әріптестері, шәкірттері және зиялы қауым өкілдері қатысып, мерейтой иесінің журналистика мен өлкетану саласына қосқан елеулі үлесін атап өтті.