Жыл басынан бері облыста отбасы жанжалдарына қатысты 2500-ге жуық хабарлама тіркелген. Оқиғалар бойынша қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ 484 адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы жиында айтылды.