Еліміз Ресеймен тек тауар айналымы саласында ғана емес, білім беру бағытында да тығыз байланыс орнатуда. Былтыр өңірде И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы ашылып, өңірдегі білім беру саласына жаңа серпін берді. Әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орнының келуі атыраулық жастар үшін сапалы білім алып, халықаралық талаптарға сай маман атануға мүмкіндік жасап отыр.