Бүгінде елімізде теңіз саласына қажетті мамандарға сұраныс жоғары. Осыған байланысты Ресейдің жоғары оқу орындарымен бірлесіп кадр даярлау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Өйткені, елде теңіз мамандықтары бойынша білім беретін оқу орындары аз болғандықтан, кейбір жастар Ресейде оқуды таңдайды. Соның бірі - Астраханьдағы Каспий теңіз және өзен көлігі институты. Қазір мұнда 80 қазақстандық студент оқып жатыр.