Қазір көпшілік қолма-қол ақшамен жүруді ұмытты десек те болады. Өйткені дүкенде де, дәмханада да, тіпті такси мен онлайн саудада да төлемнің басым бөлігі карта немесе QR код арқылы жасалады. Осындай кезде банк қосымшаларында жиі кездесетін қызметтің бірі - кэшбэк. Яғни, жұмсаған ақшаңыздың бір бөлігі қайта шотыңызға түсуі. Бұл жүйе қалай жұмыс істейді? Және оны қалай тиімді пайдалануға болады? Тақырыпты Ақтоты Өркешбаева тарқатады.