Құлсары қаласында көпбалалы және ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарды қолдауға бағытталған “Qadam” жобасының кіріспе семинары өтті. Бастаманың негізгі мақсаты – аналардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, олардың жеке дамуына жол ашу, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету және жаңа кәсіптік бағыт игеруіне мүмкіндік беру. Жобаға «Теңізшевройл» компаниясы мен Жылыой аудандық әкімдігі айрықша қолдау білдіріп отыр.