Атырау облысы Құлсары қаласында апатты үйлер мәселесі әлі де өзекті. Шахарда шамамен 50 жыл бұрын салынған 89 баспана бар. Жергілікті билік биыл олардың 18-ын бұзып, орнына жаңа пәтер кешенін салуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыс арнайы бекітілген жол картасы шеңберінде жүргізіледі. Осылайша атқамінерлер мәселені 2029 жылға дейін толық шешеміз деп отыр. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт жалғастырады.