Өткен жылы облыста жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі 91 пайызға өскен. Ал биыл көрсеткіш 61 пайызға төмендеді. Дегенмен, бұл фактор алаңдауышылық туғызып отыр. Осы ретте облыс прокуроры Мадияр Басшыбаевтың төрағалығымен өткен заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, құқық қорғау органдары мен білім беру саласының мамандары қатысты.