Қазақстанда қан донорларының саны артып келеді. Мәселен, тек ақпан айында 18 мыңға жуық адам қан тапсырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Ал облыста донорлар ағыны тұрақты. Мұнда күн сайын орта есеппен 60-тан астам адам қан тапсырады екен.