Облыста биыл жұмыспен қамту шаралары аясында 21 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылмақ. Оның ішінде 11 мың 700-і тұрақты жұмыс орындары ретінде жоспарланған. Мамандардың пайымдауынша, бұл бастамалар өңірдегі жұмыспен қамту деңгейін арттырып, тұрғындарды тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етуге бағытталған.