«Сарайшық: археологиялық зерттеулер, жаңа деректер және тарихи пайым». Осы тақырып аясында дөңгелек үстел өтті. Шараға өңірдегі қазба жұмыстарында өзіндік тәжірибесі бар мамандар, Сарайшық музейінің қызметкерлері, сондай-ақ студенттер қатысты. Арнайы келген қонақтар әртүрлі тақырыпта баяндамаларын оқып, қатысушыларға тың деректер мен ғылыми пайымдармен бөлісті.